30.07.2026 15:14
Максанс Лакруа «Челси» ойыншысы атанды
30.07.2026 15:14
Максанс Лакруа «Челси» ойыншысы атанды

Қос тарап 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Көктер» трансфер үшін «Кристал Пэласқа» 52 миллион фунт стерлинг (60,8 миллион еуро) төлейді.
Лакруа «Кристал Пэлас» намысын 2024 жылдан бері қорғап келді. 26 жастағы Франция құрамасының ойыншысы өткен маусымда 55 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.