30.07.2026 19:52
«Реалдың» тағы бір ойыншысы «Фулхэмге» ауысады
30.07.2026 19:52
Сесар Паласиос «Фулхэм» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. Лондонның клубы оны «Реалдан» он миллион еуроға сатып алды. Сондай-ақ «бланкос» Паласиостың келесі трансферінен түскен қаржыдан 30% үлес алады.
Осыған дейін Альваро Арбелоа баптайтын командаға Гонсало Гарсияның ауысатыны хабарланған еді. Ал «Реал» екі ойыншысын да кез-келген уақытта қайта сатып ала алады.
21 жастағы Паласиос «Реалдың» негізгі құрамында биыл қаңтар айында дебют жасап, содан бері жеті матчта алаңға шықты.