02.12.2025 20:14

Ямаль танымалдылығы туралы айтты

02.12.2025 20:14

Ламин Ямаль: «Қарапайым адам сияқты мейрамханаға барғым келеді»

18 жастағы «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль өзінің танымалдылығы күнделікті өміріне қалай әсер ететінін айтты.

«Қарапайым 18 жастағы жігіт сияқты өмір сүру қиын. Қаласам да, бәрібір мүмкіндік жоқ. Балалар мектептен үйлеріне қайтады. Ал мен жаттығуға бара жатқанда жанымда үнемі фотографтар жүреді. Көшедегі балалар болса менің футболкаларымды киіп жүреді. Мен қарапайым адам сияқты мейрамханаға барғым келеді, бірақ үнемі мені тоқтата бергендіктен бара алмаймын. Бұл қалыпты жағдай, себебі мен танымалмын», - деді ойыншы CBS арнасына берген сұхбатында.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram