02.12.2025 19:48

АПЛ 13-турының үздік ойыншысы анықталды

02.12.2025 19:48

«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының 13-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Кристал Пэласқа» (2:1) қарсы ойында екі нәтижелі пас берген Португалия жартылай қорғаушысы дауыс беру нәтижесінде Рис Джеймс («Челси»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Мәлік Тиау («Ньюкасл»), Энцо Ле Фе («Сандерленд»), Игор Тиаго («Брентфорд»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла») және Кенни Тетені («Фулхэм») шаң қаптырды.

Осылайша осы маусымда үшінші рет бұл жүлде «Манчестер Юнайтед» ойыншысына бұйырды. Бұған дейін 9-турда Брайан Мбемо және 8-турда Харри Магуайр топ жарған еді.

Айта кетейік, турнир кестесінде 21 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» жетінші орында тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram