26.02.2026 09:29
Гүлер «Реалдағы» 100-матчын өткізді
26.02.2026 09:29
Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Реал» «Бенфиканы» 2:1 (3:1) есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты

Бұл Арда Гүдердің Мадрид клубындағы 100-матчы болды. 21 жастағы түрік жартылай қорғаушысы «бланкос» сапына 2023 жылы «Фенербахчеден» 26 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 15 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, «Реал» 1/8 финалда «Манчестер Ситиге» немесе «Спортингке» қарсы ойнайды. Жеребе тарту рәсімі 27 ақпанға жоспарланған.