26.02.2026 08:29

Чемпиондар лигасы: «аптаның үздік ойыншысы» жүлдесінен үміткерлер

26.02.2026 08:29

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің осы аптадағы «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Виктор Осимхен («Галатасарай»), Йенс Хеуге («Будё/Глимт»), Орельен Тчуамени («Реал») және Александер Сёрлот («Атлетико») кірді.

Сёрлот «Брюггеге» (4:1) қарсы ойында хет-трик жасады. Хеуге «Интермен» (2:1) ойында бір гол мен бір ассисттің авторы атанды. Ал Тчуамени «Бенфика» (2:1) қақпасына, Осимхен «Ювентуске» (2:3) бір гол соқты.

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде анықталады. Өткен аптада жүлдені «Қарабахқа» (3:0) бірінші таймда-ақ төрт гол тоғытқан «Ньюкасл» вингері Энтони Гордон жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram