26.02.2026 03:52

ПСЖ келесі кезеңге өтті

26.02.2026 03:52

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде ПСЖ өз алаңында «Монакомен» тең тарқасты

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Маркиньос пен Хвича Кварацхелия гол соқты. Оған Манес Акилуш пен Джордан Тезе жауап қайырды.

Бірақ Париждің клубы қос матчтың қорытындысы 5:4 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Луис Энрике шәкірттері келесі кезеңде «Барселона» немесе «Челсимен» ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram