25.02.2026 20:26

Кристиан Киву «Интерде» қалады

25.02.2026 20:26

Кристиан Киву «Интерді» әлі біраз жаттықтырады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Сондай-ақ тағы бір жылға созу мүмкіндігі қарастырылады. Оған сәйкес, 45 жастағы румын маманының жалақысы біршама артады екен.

Киву «нерадзурри» тізгінін маусым айында ұстаған еді. Миланның клубы кеше «Будё-Глимтке» қос матчтың қорытындысы бойынша 2:5 есебімен жол беріп, Чемпиондар лигасынан «ұшып» кетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram