25.02.2026 17:06

Килиан Мбаппе қатардан шықты

25.02.2026 17:06

«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе қатардан шықты

27 жастағы француз форварды сол аяғының тізесін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты ол бүгін, 25 ақпанда Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңі аясында өтетін «Бенфикаға» қарсы матчқа қатыспайтын болды.

«Реал» «Бенфиканы» Лиссабонда өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңген еді. Мадридте болатын қарымта матчты 01:00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram