26.02.2026 08:58

Роналду «Челсиге» ауысуы мүмкін

26.02.2026 08:58

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, 41 жастағы португалиялық шабуылшыға «Челси» қызығушылық танытып отыр. «Ақсүйектер» оны сатып алу клубқа үлкен табыс әкелетінін біледі.

Ал Indykaila News мәліметінше, Криш Чемпиондар лигасының келер маусымында ойнағысы келеді. Сондықтан Еуропаның клубына ауысуға дайын екен.

Роналду «Әл-Наср» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 25 матчта 22 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram