31.01.2026 11:38
Горецкаға үш клуб көз тікті
31.01.2026 11:38
«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецкаға үш клуб қызығушылық танытып отыр

Николо Скираның хабарлауынша, оны «Атлетико», «Милан» және «Тоттенхэм» өз қатарынан көргісі келеді.
Осыған дейін 30 жастағы неміс футболшы маусым соңында Мюнхеннің клубынан кететінін мәлімдеген еді. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
Горецка осы маусымда 28 матчқа қатысып, бір гол соқты.