31.01.2026 10:26
Лукас Пакета «Фламенго» ойыншысы атанды
31.01.2026 10:26
Лукас Пакета «Фламенго» ойыншысы атанды

Қос тарап 2030 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
«Фламенго» 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы үшін «Вест Хэмге» 42 миллион еуро төлейді. Лукас жаңа клубында 20-нөмірмен ойнайтын болды.
Пакета – «Фламенго» футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын осында бастап, 2016-2019 жылдары аралығында ойнаған еді. Ал осы маусымда 19 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.