30.01.2026 21:23
Лоренцо Инсинье «Пескара» ойыншысы атанды
30.01.2026 21:23
Лоренцо Инсинье «Пескара» ойыншысы атанды

34 жастағы италиялық вингер бүгін медициналық тексерістен өтіп, 30 маусымға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Инсиньенің соңғы клубы MLS-те сынға түсетін «Торонто» болған еді. Ол Канада ұжымынан өткен жазда кетті. Оған дейін «Наполи» намысын 2009-2022 жылдары аралығында қорғады. Одан бөлек 2011/12 жылғы маусымда дәл осы «Пескарада» жалда ойнаған.
Ал 21 турдан кейін 14 ұпай жинаған «Пескара» Италияның В Сериясында соңғы 20-орында келеді.