30.01.2026 21:42
Фермин Лопес «Барселонада» қалды
30.01.2026 21:42
Фермин Лопес «Барселонамен» келісімшартты ұзартты

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімге қол қойды. Жаңа шартқа сәйкес, оның жалақысы айтарлықтай артады екен.
22 жастағы испан жартылай қорғаушысы «блауграна» намысын 2016 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 26 матчта 10 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.