31.01.2026 11:25
«Манчестер Сити» ойыншысы қатардан шықты
31.01.2026 11:25
«Манчестер Сити» вингері Жереми Доку жарақат алды

23 жастағы бельгиялық ойыншы «Галатасарайға» (2:0) қарсы матчта балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 18 күн алаңға шыға алмайды.
Бұл оның мансабындағы 14-жарақаты болды. Осыған дейін 331 күні емделуге кетіп, 77 ойыннан тыс қалған. Ал осы маусымда 30 матчта үш гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.