31.01.2026 11:11
Дюмфрис «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
31.01.2026 11:11
«Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфрис «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Sky Sport хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны жарақат алып қалған Джереми Фримпонгтың орнына қарастырып отыр. Бірақ әлі ресми ұсыныс жасамапты.
Ал «нерадзурри» 29 жастағы Нидерланд ойыншысын кемі 30 миллион еуроға бағалайды екен.
Дюмфрис осы маусымда 15 матчта үш гол соқты. Ол 16 желтоқсан күні тобығына ота жасатып, содан бері 16 матчқа қатыспады.