28.05.2026 00:09
Гордон «Барселона» ойыншысы атанады
28.05.2026 00:09
«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон «Барселонаға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Каталонияның клубы Гордонды 70 миллион еуроға сатып алады және одан бөлек шамамен 10 миллион көлемінде бонус қарастырылады. Энтони ертең Барселонаға аттанып, медициналық тексерістен өтеді, сосын келісімшартқа қол қояды.
25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және алдағы Әлем чемпионатына қатысады.