27.05.2026 20:05

«Барселона» Гордонмен келісімге келді

27.05.2026 20:05

Энтони Гордон «Барселона» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Енді Каталонияның клубы «Ньюкаслмен» келіссөз жүргізіп жатыр. «Блауграна» тезірек трансферді рәсімдеп, Гордонға көз тіккен «Бавария», «Челси» және «Манчестер Юнайтед» секілді клубтардың алдын орап кеткісі келеді.

25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және алдағы Әлем чемпионатына қатысады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram