27.05.2026 16:29
Энцо Фернандес «Челсиден» кетеді
27.05.2026 16:29
«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес жазда клубтан кетеді

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, ол «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін. «Қалалықтарды» жақында тізгіндейтін Энцо Мареска бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді. Бас бапкер Манчестердің клубына дәл Энцодай ойыншы жетіспейді деп есептейді.
Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Барселона», «Реал», «Арсенал» және ПСЖ бар.
«Көктер» Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 54 матчта 15 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.