27.05.2026 15:20
Лэмпард Англияның үздік бапкері атанды
27.05.2026 15:20
Фрэнк Лэмпард бапкерлер қауымдастығының (LMA) нұсқасы бойынша Англияның осы маусымдағы ең үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Ковентри» Чемпионшипте топ жарып, 2001 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер-лигасына жолдама алды.
Осылайша Лэмпард Алекс Фергюсон атындағы жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ үміткерлер қатарында Микель Артета («Арсенал»), Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Унаи Эмери («Астон Вилла»), Андони Ираола («Борнмут»), Кит Эндрюс («Брентфорд»), Майкл Скубала («Линкольн») және Энди Вудмен («Бромли») болған еді.
Бұған дейін Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы және «Челсидің» тарихтағы үздік сұрмергені Чемпионшипте үздік бапкер деп танылған.