27.05.2026 12:15
«Барселона» Гордонмен келіссөз жүргізіп жатыр
27.05.2026 12:15
«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Каталонияның клубы «Ньюкаслмен» трансфер жөнінде тікелей келіссөз жүргізіп жатыр. «Блаугрананың» спорт директоры Деку қазір Англияда жүр. Энтонидің өзі мансабын Барселонада жалғауға дайын, бірақ оған одан бөлек «Бавария», «Челси» және «Манчестер Юнайтед» секілді клубтар қызығушылық танытуда. «Ньюкасл» басты жұлдызын шамамен 75-90 миллион еуроның арасында бағалап отыр.
25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және алдағы Әлем чемпионатына қатысады.