27.05.2026 11:28
Микель Артета АПЛ үздік бапкері атанды
27.05.2026 11:28
Микель Артета Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Арсенал» 38 турдан кейін 85 ұпай жинап, чемпион атанды. Осылайша Артета бұл жүлдені 2003/2004 жылғы маусымда Арсен Венгер топ жарғаннан кейін жеңген «Арсеналдың» алғашқы бапкері атанды.
44 жастағы испан маманы марапатқа таласта Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Майкл Кэррик («Манчестер Юнайтед»), Андони Ираола («Борнмут»), Кейт Эндрюс («Брентфорд») және Режис Ле Бриді («Сандерленд») артқа тастады.
Артета «зеңбірекшілерді» 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді.