26.05.2026 23:52

Алексия Путельяс «Барселонадан» кетеді

26.05.2026 23:52

«Барселона» әйелдер клубының дүлдүлі Алексия Путельяс командадан кетеді

Қос тарап келісімшартты ұзартпайтын болды. Осылайша Путельяс «Барселонадағы» 14 жылдан кейін клубпен қош айтысады.

32 жастағы бұрымды футболшы «блауграна» сапында 2012 жылдан бері жарқырап жүрді. Ол Каталония клубымен бірге Испанияның 10 дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында төрт мәрте топ жарды және одан бөлек тағы 21 трофей жеңді. Сондай-ақ «Алтын допты» екі рет ұтып, 233 голмен клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram