26.05.2026 20:03

Варди «Кремонезеден» кетеді

26.05.2026 20:03

«Кремонезе» шабуылшысы Джейми Варди болашағына қатысты шешім қабылдады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 39 жастағы англиялық форвард жазда еркін агент ретінде «Кремонезеден» кететін болды. Ол клуб ауыстыруға дайын.

Варди Кремонаның клубына маусым басында «Лестерден» тегін ауысып келген еді. Ол содан бері 29 матчта жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 38 турдан кейін 34 ұпай жинаған «жолбарыстар» Италия чемпионатын 18-орында аяқтап, ұшып кетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram