26.05.2026 19:06
Канселу «Барселонадан» кеткісі келмейді
26.05.2026 19:06
Жоау Канселу «Барселонада» қалғысы келеді

Sport хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық қорғаушы Каталонияның клубында кемі екі маусым ойнауды қалайды. Тіпті сол үшін жалақысын азайтуға дайын екен.
«Блауграна» Канселуды қаңтар айында «Әл-Хиләлден» жалға алған еді. Ол Ла Лиганың осы маусымында 16 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.