26.05.2026 19:19
Бернарду Силва ат басын Испанияға бұрады
26.05.2026 19:19
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Атлетико» қызығушылық танытуда және 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт ұсынды. Қос тарап сәтті келіссөз жүргізіпті. Тура осындай ұсынысты «Ювентус» те жасаған екен. Одан бөлек 31 жастағы португалиялық ойыншыға көз тіккендердің қатарында «Галатасарай», «Барселона», «Арсенал» және «Фламенго» бар.
Силва жазда 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кететінін хабарлап қойды. Ол осы маусымда 53 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.