27.05.2026 11:51
Модрич мансабын аяқтауы мүмкін
27.05.2026 11:51
«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич мансабын аяқтауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 40 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы Әлем чемпионатынан кейін бутсасын шегеге ілуді жоспарлап отыр. Ал «Милан» оның мұндай қадамға барғанын қалмайды және командада қалдыруға тырысып көрмек.
Модрич 1996 жылдан бері кәсіби футбол ойнап келеді. Ол осы аралықта «Динамо» Загреб, «Зриньски», «Интер» Запрешич, «Тоттенхэм», «Реал» және «Миланда» тер төккен.