27.05.2026 13:28
Жоао Педро сатылмайды
27.05.2026 13:28
«Челси» шабуылшысы Жоао Педро клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы қандай ұсыныс түссе де маңызды ойыншысын сатпайды. «Көктер» Педроны клубтың айырылмас бөлшегі деп есептейді. Сондықтан оған түскен ұсыныстарды қарастырмайды екен.
24 жастағы бразилиялық форвард «көктер» сапына өткен жазда «Брайтоннан» 63,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 50 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және «Челсидің» үздік ойыншысы атанды. Бірақ оны Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың нақты тізіміне қоспады.