27.05.2026 22:15
Эдерсон «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанады
27.05.2026 22:15
«Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон «Манчестер Юнайтедке» ауысады

Николо Скираның хабарлауынша, манкуниандықтар оны 45 миллион еуроға сатып алады және қосымша бонус ретінде тағы бес миллион төлейді. Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Ал Эдерсонның Тұманды Альбион елінде алатын жалақысы жылына бес миллион еуроны құрайды екен.
26 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 41 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.