27.05.2026 21:56

Винисиус: Испания – фаворит, себебі оларда Ямаль бар

27.05.2026 21:56

«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор Испания құрамасын Әлем чемпионатының фавориті деп есептейді

«Испанияны Әлем чемпионатының фавориттері қатарына жатқызамын. Олар соңғы Еуропа чемпионатында топ жарды және құрамында Ямаль бар.

Ламин – әлемнің үздік футболшыларының бірі. Жанкүйерлер сол секілді ойыншылар үшін матчқа билет алады»,– деді Винисиус.

«Қызыл фурия» Н тобында Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram