03.09.2025 21:01
Гильермо Очоа Испанияның клубын лақтырып кетті
03.09.2025 21:01
Marca хабарлауынша, Гильермо Очоа «Бургосқа» ауысқалы тұрған жерден кетіп қалыпты
40 жастағы қақпашы клубпен сөз байласып, келіссөзді аяқтау үшін Испанияға барған.
Бірақ отырыс барысында агенті екеуі кофе ішіп, ақылдасып келу үшін үзіліс сұрап, содан жоқ болып кетіпті. Сондай-ақ «Бургос» өкілдерінің қоңырауына мүлде жауап бермей қойған.
Очоаның соңғы клубы Португалияның АВС САД командасы болған еді.