03.09.2025 12:53

Келечи Ихеанчо «Селтик» ойыншысы атанды

03.09.2025 12:53

Келечи Ихеанчо ресми түрде еркін агент ретінде «Селтик» қатарына қосылды

Қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

28 жастағы шабуылшының соңғы клубы «Севилья» болған. Ол жақта 11 матч өткізіп, үш гол соқты.

Ал оған дейін «Манчестер Сити», «Лестер», «Севилья» және «Мидлсброда» ойнаған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram