20.05.2026 13:38
Гави Чемпиондар лигасының финалында кімге жанкүйер болатынын айтты
20.05.2026 13:38
Гави Чемпиондар лигасының финалындағы «Арсенал» – ПСЖ матчына қатысты пікір білдірді

«Дембеле менің бауырымдай болып кеткен, мұны әрқашан айтып жүремін. Біз көп сөйлесеміз, ол менің жақын досым. Қазір оның бабы келісіп тұр және Чемпиондар лигасында тағы топ жарады деген сенімдемін. Одан бөлек Луис Энрике мен Фабиан Руис үшін де қуанышты боламын. ПСЖ-да отандастарым аз емес және Османды ерекше қолдаймын. Дембеленің «Барселонадан» кеткені маған ауыр тиді, бірақ қазір Османда бәрі жақсы екеніне қуанамын»,– «Барселона» жартылай қорғаушысы.
Чемпиондар лигасының финалы 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді.