20.05.2026 12:25

Фермин Лопеске ота жасалды

20.05.2026 12:25

«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопестің жағдайы белгілі болды

23 жастағы Испания құрамасының ойыншысы Ла Лиганың 37-турындағы «Бетиске» (3:1) қарсы матчта оң аяғының табан сүйегін сындырып алған еді.

Осыған байланысты оған Барселонада ота жасалып, сәтті өтті. Салдарынан Лопес Әлем чемпионатына қатыспайды. Ал нақты қашан оралатыны белгісіз.

Фермин осы маусымда 48 матчта 13 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram