07.09.2025 12:36
Френки де Йонг жарақат алды
07.09.2025 12:36
«Барселона» ойыншысы Френки де Йонг жарақатына байланысты Нидерланд құрамасы қосынынан кетіп қалды
Marca мәліметінше, 28 жастағы жартылай қорғаушы жамбас бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты ол ертең, дүйсенбі күні Барселонада медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде, алдағы «Валенсиямен» ойынға қатысу-қатыспауы белгілі болады.
Бұған дейін Нидерланд құрамасының дәрігерлері жарақаттың соншалықты ауыр емес екенін айтқан болатын.
Де Йонг өткен маусымда жалпы 46 матчта «блауграна» намысын қорғап, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ла Лиганың 4-туры аясында өтетін «Барселона» — «Валенсия» кездесуі 14 қыркүйекке жоспарланған.