09.09.2025 12:22
Френки де Йонг қатардан шықты
09.09.2025 12:22
«Барселона» ойыншысы Френки де Йонг жарақат алды
28 жастағы жартылай қорғаушы жамбас бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты Нидерланд құрамасы қосынынан кетіп, кеше Барселонада медициналық тексерістен өтті.
Нәтижесінде Ла Лиганың 4-туры аясындағы «Валенсиямен» ойынға қатыспайтыны белгілі болды. Ал Чемпиондар лигасындағы «Ньюкаслға» қарсы матчта алаңға шығу-шықпауы әзірге нақтыланбады. Бәрі Де Йонгтың қалыпқа келу қарқынына байланысты екен.
Чемпиондар лигасының алғашқы туры аясында өтетін «Ньюкасл» – «Барселона» кездесуі 18 қыркүйекке жоспарланған.
Де Йонг биылғы маусымда екі ойын өткізіп үлгерді. Бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.