13.11.2025 10:15
Франция Бразилиямен кездесуі мүмкін
13.11.2025 10:15
Франция 2026 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында Бразилиямен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Canal+ хабарлауынша, қазір осы жөнінде келіссөз жүріп жатыр екен. Егер бәрі ойдағыдай болса, матч 28 наурыз күні АҚШ-тың Бостон қаласында болады екен.
Осыған дейін Франция Аргентинамен де шеберлік байқасады деген қауесет тараған еді.
Төрт ойыннан кейін 10 ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері ӘЧ-2026 іріктеу турнирінің D тобында көш бастап тұр. Енді «үштүстілер» қалған екі матчта бір рет жеңіске жетсе де мундиальға жолдама алады.