13.11.2025 08:22
«Барселона» ойыншысы келісімшартты ұзартады
13.11.2025 08:22
Эрик Гарсия «Барселонамен» келісімшартын ұзартады

Ферран Корреастың мәліметінше, қос тарап жақында 2029 жылдың жазына дейін жарамды құжатқа қол қояды.
Сондай-ақ жаңа келісімде тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады екен.
24 жастағы Испания қорғаушысы «блауграна» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 131 ойында жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.