12.11.2025 22:12

«Наполи» ойыншысы қатардан шықты

12.11.2025 22:12

«Наполи» жартылай қорғаушысы Андре-Франк Замбо Ангисса жарақат алды

29 жастағы Камерун құрамасының ойыншысы Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан жаттығу барысында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынатын Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойынға қатыспайтын болды.

Ал жарақаттың қаншалықты ауыр екендігі мен қатарға қашан оралатыны медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Ангисса осы маусымда А Сериясында 11 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram