13.11.2025 09:43
Еуро-2028 финалы қайда өтеді?
13.11.2025 09:43
Англия, Ирландия, Шотландия және Уэльсте өтетін 2028 жылғы Еуропа чемпионатының стадиондары белгілі болды

Турнирдің беташар матчы Кардиффтегі «Миллениумде» өтеді. Ал екі жартылай финал мен финал Лондондағы «Уэмблиде» болады.
Сондай-ақ ширек финал матчтарын «Уэмбли» мен «Миллениумнен» бөлек Дублиндегі «Дублин Арена» мен Глазгодағы «Хемпден Парк» қабылдайды.
Одан бөлек турнирді ұйымдастырушы ареналар қатарында «Сент-Джеймс Парк» (Ньюкасл), «Этихад» (Манчестер), «Эвертон Стэдиум» (Ливерпуль), «Вилла Парк» (Бирмингем) және «Тоттенхэм Стэдиум» (Лондон) бар.
24 құрама сынға түсетін кәрі құрлықтың басты додасы 9 маусым мен 9 шілде аралығына жоспарланған.