13.11.2025 08:54
«Реал» ойыншысы жарақат алды
13.11.2025 08:54
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга қатардан шықты

23 жастағы ойыншы бұлшық етін зақымдап алыпты. Соның салдарынан жаттығудан тыс қалған. Енді бүгін Украинаға қарсы матчқа қатыспауы мүмкін.
Осыған байланысты бас бапкер Дидье Дешам құрамаға қосымша ойыншы ретінде «Ювентустегі» Кефрен Тюрамды шақыртты.
Айта кетейік, Франция осы айда ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Алдымен бүгін Украинамен кездессе, 16 қарашада Әзербайжанмен күш сынасады. Төрт ойыннан кейін 10 ұпай жинаған «үштүстілер» D тобында көш бастап тұр.