18.01.2026 14:01

Фюллькругтің үйіне ұры түсті

18.01.2026 14:01

«Милан» шабуылшысы Никлас Фюллькругтің үйін ұрылар тонап кетті

Баукеспелер сәрсенбі күні таңертең Никластың үйіне баса-көктеп кіріп, сейфін бұзған екен. Сөйтіп, жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын төрт қолсағатты жымқырған.

Жүзіқаралар әлі ұсталмапты. Полиция олардың саусақ іздерін сақтап алып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, «Милан» 32 жастағы неміс шабуылшысын «Вест Хэмнен» 13-14 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен маусым соңына дейін жалға алған еді. Ол содан бері төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram