18.01.2026 13:40

Энцо Мареска «Реалды» тізгіндеуі мүмкін

18.01.2026 13:40

Энцо Мареска «Реал» бас бапкері атануы мүмкін

Sky Sport Germany хабарлауынша, 45 жастағы италиялық маман «бланкос» тізгінін ұстауға үміткерлер қатарына кіреді. Одан бөлек бұл тізімде Зинедин Зидан мен Юрген Клопп бар. Бірақ Зидан Әлем чемпионатынан соң Франция құрамасын қолға алады.

Маресканың соңғы клубы «Челси» болған еді. Ол Лондонның ұжымын 2024 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жаттықтырды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram