06.12.2025 23:21

Ферран Торрес бір таймда хет-трик жасады

06.12.2025 23:21

Испания Ла Лигасының 15-турында «Барселона» сырт алаңда «Бетисті» жеңіп жатыр

Бірінші таймнан кейінгі есеп: 1:4. Матчтағы алғашқы голды Антони соққан еді. Алайда оған «Барселона» төрт еселеп жауап қайтарды. Каталония клубының сапында Ферран Торрес хет-трик жасаса, Руни Барджи бір мәрте мергендік танытты.

Live турнир кестесінде «блауграна» 40 ұпаймен көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram