10.09.2025 21:26
Эриксен мансабын Бундеслигада жалғастырады
10.09.2025 21:26
Кристиан Эриксен «Вольфсбург» ойыншысы атанады
Фабрицио Романоның хабарлауынша, даниялық жартылай қорғаушы «қасқырлар» қатарын еркін агент ретінде толықтырады. Кристиан жуырда Германияға аттанып, медициналық тексерістен өтеді екен.
Эриксен өткен маусымның соңында келісімшарттың аяқталуына байланысты «Манчестер Юнайтедтен» кеткен болатын. Кристиан манкуниандықтар сапында жалпы 107 матч өткізіп, сегіз гол мен 19 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге Англия кубогы (2024) мен Лига кубогын (2023) жеңіп алды.
Айта кетейік, Бундеслиганың екі турынан кейін төрт ұпай еншілеген «Вольфсбург» турнир кестесінің алтыншы сатысында келеді. «Жасылдар» келесі ойынын 13 қыркүйек күні «Кёльнге» қарсы өз алаңында өткізеді.