06.05.2026 13:37

Ең үздік бразилиялық ойыншы белгілі болды

06.05.2026 13:37

«Реал» дүлдүлі Винисиус Жуниор The Touchline нұсқасы бойынша қазіргі таңдағы ең үздік бразилиялық ойыншы атанды

Рейтингтің екінші сатысына Рафинья («Барселона») жайғасса, үздік үштікті Жоао Педро («Челси») түйіндеді. Ал төртінші орынға Эндрик («Лион»), бесіншіге Неймар («Сантос») табан тіреді.

Винисиус «Реал» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. 25 жастағы вингер осы маусымда 50 матчта 21 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram