11.01.2026 22:36
Эль-Класико тарихындағы үздік сұрмергендер
11.01.2026 22:36
Санаулы минуттардан кейін Испания Суперкубогының финалында «Реал» мен «Барселона» кездеседі

Бұл тарихтағы 263-ші ресми Эль-Класико болмақ. Осы аралықта жалпы 881 гол соғылыпты. Оның 445-ін «бланкос» тоғытса, 436-сын «блауграна» өз есебіне жазған.
Текетірестің үздік сұрмергені – Лионель Месси. «Барселона» аңызы ресми матчтарда «Реал» қақпасын 26 рет тулатқан. Үздік бестікте Мессиден бөлек Мадрид клубының намысы үшін ойнаған Криштиану Роналду (18 гол), Альфредо ди Стефано (18), Кәрім Бензема (16) және Рауль (15) бар.
Ал қазіргі ойыншылардың арасында Эль-Класикода жеті рет мергендік танытқан Винисиус Жуниор көш бастап тұр.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтетін матч сағат 00:00-де басталады. Басты ойынды Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Megogo онлайн-сервисінен тікелей эфирде тамашалай аласыз.