24.04.2026 14:47
Экитикеге ота жасалды
24.04.2026 14:47
«Ливерпуль» шабуылшысы Уго Экитикенің жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, оның оң аяғының ахилл сіңіріне ота жасалып, ол сәтті өткен екен. Осыған байланысты Экитике маусымның қалған ойындарына қатыспайды және Әлем чемпионатына бармайды. Уго шамамен 8-9 айға қатардан шығып қалды.
Экитике Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Айнтрахттан» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.