24.04.2026 12:42
«Бавария» Нойерге жаңа келісімшарт ұсынды
24.04.2026 12:42
«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мюнхеннің клубы оған 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынды. Енді Манудың жауабын күтіп отыр.
40 жастағы неміс голкипері Мюнхен клубының намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 34 матчта 33 гол өткізіп, 11 матчта қақпасына доп жібермеді.