24.04.2026 10:32

Алиссон «Ювентуспен» келісімге келді

24.04.2026 10:32

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Италия А Сериясына оралуы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, ол «Ювентуспен» ауызша келісімге келді. Енді Туриннің клубына «Ливерпульді» көндіру қалды. «Бьянконери» бас бапкері Лучано Спаллетти Алиссонды өз командасында қайта көргісі келеді. Екеуі 2016-2017 жылдары «Ромада» бірге жұмыс істеген еді.

33 жастағы бразилиялық голкипер Мерсисайдтың клубына «Ромадан» 2018 жылы 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram